Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларБарлық жазбаларды қарау

Талғардағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты айыпталушылардың көбі бұрын сотты болған

Талдықорғанда 16 жастағы Шерзат Полатты өлтірді деген күдікпен айыпталған тұлғаларға қатысты негізгі сот процесі басталды.  Сот отырысында айыпталушылар өздерін таныстырып, бұрынғы қылмыстық істері жария етілді. Тергеу барысында белгілі болғандай, айыпталушылардың көпшілігі

Авторы Айғаным Нариманова··2 мин оқу
Талғардағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты айыпталушылардың көбі бұрын сотты болған
Талдықорғанда 16 жастағы Шерзат Полатты өлтірді деген күдікпен айыпталған тұлғаларға қатысты негізгі сот процесі басталды.  Сот отырысында айыпталушылар өздерін таныстырып, бұрынғы қылмыстық істері жария етілді. Тергеу барысында белгілі болғандай, айыпталушылардың көпшілігі бұрын сотты болған,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Сот процесі кезінде әр айыпталушының өмірбаяны мен қылмыстық өткеніне шолу жасалды. Айыпталушылардың ішінде бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар көп:
  • Сәкиев (1998 ж.) — Бұрын мейрамхана администраторы болып жұмыс істеген. 2021 жылы ҚК 381-бабы бойынша екі жыл алты ай бас бостандығы шектелген. Қазір соттылығы жойылған. Сотқа дайын емес екенін мәлімдеді.
  • Белғожаев (2000 ж.) — Бұрын балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде әдіскер қызметін атқарған. 2015 жылы ҚК 106-бабы бойынша сотталған. Сотқа дайын екенін айтты.
  • Азамат Тоқтаубаев — 2020 жылы жеті жылға бас бостандығынан айырылған. Бұрын істі болған.
  • Әскентай (1993 ж.) — Бұрын сотты болған.
  • Нұрбол Тоқтаубаев (1996 ж.) — Бұрын сотты болмаған, үйленген. Қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтеу туралы үкім шығарылған.
  • Ілиясов (1998 ж.) — 2023 жылы ҚК 107-бабы бойынша екі жыл алты айға сотталған, жазасын әлі өтемеген. Жұмыссыз, бойдақ.
  • Дидар Қалиахмет (1998 ж.) — Бұрын сотты болмаған. Үйленген, екі баласы бар.
Қазіргі таңда Талдықорған қалалық сотында негізгі сот талқылауы басталды. Айыпталушылардың жеке деректері мен соттылықтары нақты жарияланып отыр. Кейбірі сотқа дайын еместігін білдіріп, адвокаттарымен толық кеңесе алмағанын алға тартты.

Ұқсас материалдар

Талғардағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты айыпталушылардың көбі бұрын сотты болған · Todayinfo