Талибанның кезекті тыйымы: Ауғанстанда енді әйелдер бір-бірімен де сөйлесе алмайды
Талибан тағы да әйелдердің құқығын шектейтін кезекті заңын шығарды. Bild сайтының мәліметінше, Талибан тағы да "ізгілікті насихаттап, жамандықты жоюға" бағытталған бірқатар заң қабылдады. Бұл кодекске сәйкес, әйелдің дауысы күнә болып саналады. Осыған дейін әйелде

Талибан тағы да әйелдердің құқығын шектейтін кезекті заңын шығарды. Bild сайтының мәліметінше, Талибан тағы да "ізгілікті насихаттап, жамандықты жоюға" бағытталған бірқатар заң қабылдады.
Бұл кодекске сәйкес, әйелдің дауысы күнә болып саналады. Осыған дейін әйелдерге көпшілік алдында дауыс шығарып, сөйлеуге болмайтын еді. Енді әйелдің басқа әйелмен тілдесуі де күнәға жатады.
Біріккен Ұлттар Ұйымы бұл заңды айыптап, оның қабылдануына алаңдаушылық білдірді. 2021 жылдың тамызында Ауғанстанда тәліптер билікке келгеннен бері елдегі әйелдерге білім алуға, ер адамсыз көшеде жүруіне, әсіресе ер адамдармен сөйлесуге тыйым салынған.
Оларға саябақтарға баруға, суға түсуге немесе спортпен айналысуға тыйым салынады. Сұлулық салондары жабылды. Әйелдерге арналған баспаналар жабылып, "Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық туралы" заңның күші жойылды.
Ұқсас материалдар

Саясат
«Әділет» партиясының тізімі жарияланды
Айдар Керім·

Саясат
Қытай Қазақстан экономикасына 30 млрд доллардан астам инвестиция салды - Тоқаев
Айғаным Нариманова·

Саясат
Трамп халыққа шұғыл үндеу жасайтынын мәлімдеді
Айғаным Нариманова·

Саясат
Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әміріне және оның әулетіне көңіл айту үшін Дохаға барды
Айғаным Нариманова·