Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Тамақтан улану: Жетісу облысының Бас санитарлық дәрігері дабыл қақты

Тамақтан улану – бұл асқазан-ішек жолдарына тамақпен немесе сусындармен бірге зиянды бактериялардың түсуінен ішкі органдардың жұмысының бұзылуы. Тамақтан улану жедел, аяқастынан басталады. Тамақтан уланудың негізгі себептері: - балалар тұтынатын азық-түліктің, тез бұзылатын тағам

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··2 мин оқу
Тамақтан улану: Жетісу облысының Бас санитарлық дәрігері дабыл қақты
Тамақтан улану – бұл асқазан-ішек жолдарына тамақпен немесе сусындармен бірге зиянды бактериялардың түсуінен ішкі органдардың жұмысының бұзылуы. Тамақтан улану жедел, аяқастынан басталады. Тамақтан уланудың негізгі себептері: - балалар тұтынатын азық-түліктің, тез бұзылатын тағамдардың сақтау шарттарының орындалмауы және азық-түлік пен шикізаттың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болмауы; - тамақ дайындау кезінде жеке гигиена ережелерінің сақталмауы; - ас блогы қызметкерлерінде міндетті медициналық тексерудің болмауы; - санитариялық ережелердің талаптарымен рұқсат етілмеген тағамдарды дайындау болып табылады. Сапасыз тағамдар микробтардың көбеюіне, олардың уының пайда болуына жағдай туғызып балалардың тамақтан улануына алып келеді. Тамақтан уланудың эпидемиологиялық белгілері: - кенеттен басталуы; - адамдар тобында аурудың басталуының бір мезгілділігі; - жедел қысқа ағымдылығы; - аурудың бір тағамдық өнімді қолданумен байланысы; - өнімді тұтыну немесе сатып алу орнымен аурудың аумақтық шектелуі; - тамақтан улануға себеп болған өнімді алып тастағаннан кейін аурудың жаңа жағдайларының пайда болуының тоқталуы; - микробтық тамақтан улану науқастан сау адамға берілмейді. Балаларды уланудан қорғауға арналған кеңестер: - тез бұзылатын тағам түрлерін тоңазытқышта сақтау және тағамның бетін ашық қалдырмау қажет; - көкөніс пен жеміс-жидектерді ағынды сумен мұқият жуып, мүмкіншілігінше қайнаған сумен шаю қажет; - тамақ өнімдерін жарамдылық мерзімін ескере отырып сақтаңыз; - азық-түлік өнімдерін дайындау, сақтау, тасымалдау және сату жағдайлары бойынша санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау қажет; -  тамақ өнімдерін рұқсатсыз сауда орындарындағы белгісіз тұлғалардан алмау; -  шикі сүтті пайдаланар алдында міндетті түрде қайнату қажет; - үй жағдайында консервіленген салаттарды, саңырауқұлақтарды, көкөністерді сатып алмау. «Сондай-ақ, ас мәзірін құрастырарда аса тез бұзылатын тағамдарды, соның ішінде кремді-кондитерлік өнімдер мен құрамында бірнеше тағамдар бар, майонез қосылған күрделі салаттардың болмауын қадағалау. Салқын тағамдар мен салаттарды 1,5-2 сағат көлемінде сақтау. Осы қарапайым талаптарды сақтау, балаларыңызды тамақтан уланудан қорғайды. Ал егер, тағамнан улану белгілері пайда болған жағдайда, дереу дәрігерге медициналық көмекке жүгіну қажет екенін есте сақтаған абзал»,- дейді Жетісу облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Асхат Чарапиев.

Ұқсас материалдар

Тамақтан улану: Жетісу облысының Бас санитарлық дәрігері дабыл қақты · Todayinfo