Танымал қытайлық блогер Маңғыстаудағы Амал мерекесіне келді
Қытайлық танымал модель әрі саяхатшы-блогер Таотао Маңғыстау облысы туралы бірнеше бейнеролик түсіріп, өңірдің көрікті жерлерін көрсетті. Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникациялар орталығы хабарлады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Жаңа видеоларда &nb

Қытайлық танымал модель әрі саяхатшы-блогер Таотао Маңғыстау облысы туралы бірнеше бейнеролик түсіріп, өңірдің көрікті жерлерін көрсетті. Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникациялар орталығы хабарлады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа видеоларда Таотао ұлттық киім киіп, Бозжыра шатқалының ақ жартастары мен Боқты тауы аясында қолына бүркіт ұстап түскен. Торыш алқабында ол тазы тұқымды итпен бірге тас шарлардың арасында серуендеген.
Ал, Каспий теңізі жағалауында қара тұлпармен шауып өткен.
Таотао атқа нық отырады және саятшылық өнерін жетік меңгерген. Өз жарияланымдарында ол табиғат үйлесімі мен ұлттық дәстүрлердің байлығын насихаттайды.
Блогер Маңғыстау өңіріне екінші рет келіп отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ол арнайы Амал мерекесіне шақырылған. Аталған мереке Отпан тауында өткен.
Бұған дейін қытайлық танымал блогердің Қазақстан туризмінің амбассадоры атанғаны хабарланған еді. 2025 жылы Таотаоға "Қазақстан туризмінің елшісі" құрметті мәртебесі берілді.
Ол бұған дейін Астана, Алматы қалалары мен Шығыс Қазақстан облысы және Алматы облысының көрікті жерлерінде болған.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·