Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Таныс қызын тұншықтырып өлтірген адам 22 жылдан кейін сотталды

Қостанай қаласында 2003 жылы жасалған адам өлтіру қылмысы бойынша қатаң үкім шығарылды. Николай Ленкин есімді айыпталушы 15 жылға қатаң режимдегі колонияға сотталды,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Сот деректеріне сәйкес, оқиға 2003 жылғы 30 мамыр түні болған. Ленки

Авторы Айғаным Нариманова··2 мин оқу
Таныс қызын тұншықтырып өлтірген адам 22 жылдан кейін сотталды

Қостанай қаласында 2003 жылы жасалған адам өлтіру қылмысы бойынша қатаң үкім шығарылды. Николай Ленкин есімді айыпталушы 15 жылға қатаң режимдегі колонияға сотталды,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Сот деректеріне сәйкес, оқиға 2003 жылғы 30 мамыр түні болған. Ленкин таныс қызымен бірге спирттік ішімдік ішіп, оны үйіне дейін шығарып салмақ болады. Жол бойында әйелге жыныстық қатынас ұсынады, алайда қарсылық білдіргеннен кейін оны қылқындыру арқылы өлтіріп, оқиға орнынан жасырынған.

Сот барысында Николай Ленкин өз кінәсін мойындамады және өзін ақтауды сұрады. Ал жәбірленуші тарап оған қатаң жаза тағайындауды талап етті.

Сот 1997 жылғы Қылмыстық кодекстің 96-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстың жазасын белгіледі, бұл бапта 6 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Сот Ленкиннің қылмысты мас күйінде жасағанын – ауырлататын мән-жай ретінде бағалады. Сонымен қатар, айыпталушыда психикалық ауытқушылық анықталғанымен, оның есі дұрыс деп танылып, қылмыстық жауапкершілікке қабілетті деп шешілді.

Сот шешім қабылдау кезінде айыпталушының 2018 жылы да өзге қылмыс үшін сотталғанын ескеріп, қылмыстық құқықбұзушылықтардың жиынтығы бойынша 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын белгіледі. Жаза қатаң режимдегі түзеу мекемесінде өтелетін болады.

Ұқсас материалдар

Таныс қызын тұншықтырып өлтірген адам 22 жылдан кейін сотталды · Todayinfo