Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларБарлық жазбаларды қарау

«Тар бөлме, темір төсек, сасық ауа»: Үлде мен бүлдеге бөленген Перизат Қайраттың тергеудегі бөлмесі көрсетілді (ВИДЕО)

Қайырымдылыққа деп бөлінген 3 млрд теңгені ұрлады деген күдікпен істі болып жатқан Перизат Қайрат тергеу изоляторында өзін соққыға жыққанын айтқан. Осыған қатысты елордалық Полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды Todayinfo. Перизат Қайраттың айтуынша, өзін соққыға

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
«Тар бөлме, темір төсек, сасық ауа»: Үлде мен бүлдеге бөленген Перизат Қайраттың тергеудегі бөлмесі көрсетілді (ВИДЕО)
Қайырымдылыққа деп бөлінген 3 млрд теңгені ұрлады деген күдікпен істі болып жатқан Перизат Қайрат тергеу изоляторында өзін соққыға жыққанын айтқан. Осыған қатысты елордалық Полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды Todayinfo.
Перизат Қайраттың айтуынша, өзін соққыға жығу оқиғасы 9 маусым күні болған. Полиция таратқан мәліметті, 9 маусым күні тергеудегі П.Қайрат прокуратура органдарына арыз түсіріп, мекеме қызметкері камера есігін күштеп жапқан кезде оны есік арасына қысып, дене жарақатын келтіргенін мәлімдеген. Перизат Қайраттың айтуынша, оқыс жағдай камера есігін жабу кезінде болған көрінеді.
«Алғашқы тергеу әрекеттерінің нәтижесі бойынша П.Қайрат мәлімдегендей, камера есігін жабу кезінде мекеме қызметкерлерінің оған дене жарақатын келтіруі туралы сөздері расталмайды. Бұған П.Қайрат өз арызында көрсеткен оқиға сәтіндегі бейнебақылау жазбасы дәлел болып отыр. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, тиісті сараптама тағайындалды», - делінген хабарламада.
Видеодан Перизат Қайраттың жатқан бөлмесін көруге болады. Онда тар бөлме, төсек жанында жуынатын орын мен дәретханаға ұқсас затты, ілініп тұрған сумка, киімдерді көруге болады. Коллаж: Орда.кз

Ұқсас материалдар