Ташиевтің бауыры: 2 апта бұрын өз еркімен қызметінен кеткен қырғыз депутаты қамауға алынды
Ал 2 ай бұрын оның інісі, Қырғызстанның «екінші адамы» болған Қамшыбек Тәшиев қызметінен босатылған еді. Осылайша, «сыбайлас жемқорлық жасады» деген күдікпен Жогорку Кенештің экс-депутаты Шаирбек Ташиев ұсталды. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Қырғызс
Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу

Ал 2 ай бұрын оның інісі, Қырғызстанның «екінші адамы» болған Қамшыбек Тәшиев қызметінен босатылған еді.
Осылайша, «сыбайлас жемқорлық жасады» деген күдікпен Жогорку Кенештің экс-депутаты Шаирбек Ташиев ұсталды. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды.
Қырғызстан ІІМ мәліметінше, ұстау «Қырғызмұнайгаз» ААҚ-дағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істің бөлігі аясында жүзеге асырылып отыр. Бұған Министрлер кабинеті жанындағы Мемлекеттік салық қызметінің материалдары мен аудиттік тексеруі негіз болған.
14 наурызда ғана Шаирбек Ташиев депутаттық мандатынан өз еркімен бас тартқан еді. Сол себепті, Қырғыз Республикасының Орталық сайлау комиссиясы оның депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты.
Шаирбек Ташиев ІІМБ Бішкек қаласындағы уақытша ұстау оқшаулағышына қамалған.
Жоғарыда жазғанымыздай, 10 ақпан күні Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшылық құрамында ауыс-түйіс болды. Яғни, Қамшыбек Ташиев министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы қызметінен босатылды. Артынша төрағаның 3 орынбасары да қызметінен кетті.
Ұқсас материалдар

Әлем
Соғыс кезінде сумен жабдықтауды нысанаға алу тапшылық дағдарысын қалай ушықтырады?
Мұхтар Жексенбай·

Әлем
Румынияда әйелдерді өлтіргені үшін жаза қатаңдатылды: фемицид жеке санатқа бөлінді
Мұхтар Жексенбай·

Әлем
Варуфакис Палатир, жасанды интеллект соғысы және технолордтардың көтерілуі туралы
Мұхтар Жексенбай·

Әлем
Иран сыртқы істер министрі Ресейге келіп, Путинмен кездеседі
Мұхтар Жексенбай·