Ташкенттегі тартыс: Каратэден Жоламан Биғабыл Азия чемпионы атанды
Каратэші Жоламан Биғабыл Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Todayinfo. ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, отандасымыз кумите бағдарламасында 55 кг дейінгі салмақтың финалында жарыс қожайыны

Каратэші Жоламан Биғабыл Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Todayinfo.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, отандасымыз кумите бағдарламасында 55 кг дейінгі салмақтың финалында жарыс қожайыны Собитхон Қосимовты ұтты.
Бұл - Қазақстан құрамасының қоржынына түскен Ташкенттегі алғашқы алтын. Алда әлі жекелей сында 3 спортшымыз, сосын, Қазақстан әйелдер командасы бас жүлдеге таласады.
Айта кетейік, осыған дейін Мөлдір Жаңбырбай (-50 кг), Әсел Қанай (-61 кг), Данияр Юлдашев (-84 кг) пен кумитеден Қазақстан ерлер құрамасы қола жүлдеге ие болған.
Биыл сары құрлық чемпионатында 29 мемлекеттің таудаулы 421 спортшысы жүлдеге таласып жатыр.
Жалпы Өзбекстан астанасы Ташкент осыған дейін каратэден сары құрлық чемпионатын 3 рет қабылдаған.
Біздің Ұлттық құраманың нәтижесі:
2022 жыл 2 алтын, 4 күміс, 2 қола (жалпы есепте 3-орын)
2019 жыл 1 алтын, 2 күміс (5-орын)
2012 жыл 1 алтын 3 күміс 2 қола (4-орын)
Ұқсас материалдар

Спорт
36,4 млн теңге табыс: Бибісара Асаубаева Норвегиядағы додада топ жарды
Айғаным Нариманова·

Спорт
Қордайда жантүршігерлік жол апатынан 1 адам көз жұмды
Айғаным Нариманова·

Спорт
Александр Винокуров Рим Папасына Қазақстан велоспорт құрамасының жейдесін сыйға тартты
Айғаным Нариманова·

Спорт
«Текстің мәтіні бірдей»: журналист Спорт министрлігін Олимпиада чемпионына қарсы блогерлерді жалдағанын айтып, сынады
Айғаным Нариманова·