Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Таяу Шығысқа баратындар туралы: «Біздің халықты қорқыту өте қиын» – Көшербаев

СІМ басшысы Ермек Көшербаев қауіпке қарамастан Таяу Шығысқа сапарлап жатқан қазақстандықтарды "қорықпайтын адамдар" деп атады.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Таяу Шығысқа баратындар туралы: «Біздің халықты қорқыту өте қиын» – Көшербаев

Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына қарамастан, сол аймаққа сапар шегіп жатқан қазақстандықтар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, қауіпті аймаққа саяхаттайтындар ағыны азайғанымен, кейбір отандасымыз сол жаққа баруын тоқтатпай отыр.

"Бұл – қорықпайтын адамдар. Өздеріңіз білесіздер, біздің азаматтарды бірдеңемен қорқыту өте қиын. Әрине, ағын азайып келеді. Мүмкін, біреулер қонақүй бағасының түскеніне бола баратын шығар, біреулер тағдырға сенетін болар, әркімнің өз себебі бар. Мен барлығы үшін жауап бере алмаймын", - деді Ермек Көшербаев.

Сонымен қатар министр кейде таныстары Таяу Шығыс елдерінен туыстарын шығаруға көмек сұрап хабарласатынын айтты. Мұндай жағдайда ол мәселемен сол жерде тікелей айналысатын консулдықтар мен елшіліктерге жүгінуге кеңес беретінін жеткізді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас материалдар

Таяу Шығысқа баратындар туралы: «Біздің халықты қорқыту өте қиын» – Көшербаев · Todayinfo