Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларБарлық жазбаларды қарау

Таяу Шығыстағы шырғалаң: Қазақстан соғыстың кесірінен Иранға астық жеткізуді тоқтатты

Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Иранмен бірқатар бірлескен жобалардың уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Вице-министр Иранмен бірлескен жобалардың іске апағанын ашық айтты. - Өздеріңіз білетіндей, жағдай өте күрделі.

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Таяу Шығыстағы шырғалаң: Қазақстан соғыстың кесірінен Иранға астық жеткізуді тоқтатты
Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Иранмен бірқатар бірлескен жобалардың уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Вице-министр Иранмен бірлескен жобалардың іске апағанын ашық айтты.
- Өздеріңіз білетіндей, жағдай өте күрделі. Қазіргі уақытта Иранмен бірлескен бірқатар жобалар тоқтатылды. Себебі бұл елде әскери жағдай енгізілген. Осыған байланысты біздің бизнес өкілдері мен кәсіпкерлер әзірге күтуде, — деді Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов.
Оның сөзінше, тоқтатылған бағыттардың қатарында астық жеткізу мен азық-түлік өнімдері бар.
- Қазақстан үлкен шығынға ұшырап отырған жоқ. Өйткені бұл бағыттағы көлем ел экономикасына айтарлықтай әсер ететіндей үлкен емес. Дегенмен, Иранмен жақсы серіктестік қарым-қатынасымызды ескерсек, белгілі бір әсері болады.  Бірақ ол аса үлкен емес, – деп қосты Исетов.
Ақпан айында Қазақстан билігі Иранға отандық өндірілген алпысқа жуық өнім түрлерін және тауар айналымын үш миллиард долларға көтеруді ұсынған еді. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Иранның өнеркәсіп, кеніштер және сауда министрінің орынбасары, Сауданы дамыту ұйымының басшысы Мохаммад Али Дехган Дехнавидің кездесуінде екі ел арасындағы өзара тауар айналымын ұлғайту мәселесін талқылаған. Жоспар бойынша Иранмен тауар айналымын 3 миллиард долларға дейін арттыру көзделген. Қазақстан Иран нарығына жеткізу үшін 162 миллион доллар сомасына астық, күнбағыс майы, ет өнімдері және басқа да тауарларды қоса алғанда, 60-тан астам тауар сатпақ болған.  Алайда АҚШ-тың парсы еліне соғыс ашуынан бұл жоспарлар іске аспай, тоқтап тұр. Фото: ЖИ

Ұқсас материалдар

Таяу Шығыстағы шырғалаң: Қазақстан соғыстың кесірінен Иранға астық жеткізуді тоқтатты · Todayinfo