Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Тек Талула екеумізге»: Масктың Эпштейн аралына сапары туралы не белгілі?

АҚШ Әділет министрлігі жариялаған құжаттарда Илон Масктың Джеффри Эпштейннің даулы аралына баруды талқылағаны анықталды.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
«Тек Талула екеумізге»: Масктың Эпштейн аралына сапары туралы не белгілі?

АҚШ Әділет министрлігі Джеффри Эпштейн ісіне қатысты құжаттарды жариялады. Олардың арасында кәсіпкер Илон Масктың да жазбалары бар, онда оның Эпштейннің даулы аралына баруды талқылағаны көрінеді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Bild басылымының жазуынша, 2012 жылғы хат алмасуда Маск Эпштейннің аралындағы "ең шулы кешке" баруға қызығушылық танытып, жеке аралға жету жолдарын талқылаған. Эпштейн тікұшақтың қанша адамға қажет екенін сұрағанда, Маск "Шамасы, тек Талула екеумізге" деп жауап берген. Ол бұл кездегі бұрынғы әйелі, актриса Талула Райлиді меңзеген.

Бұл хат алмасу Эпштейн кәмелетке толмағандарды жезөкшелікке тартқаны үшін сотталып, жазасының бір бөлігін өтеп жатқан кезеңде болған.

Сол жылдың желтоқсан айында Маск Эпштейннің иелігіне жақын орналасқан Сен-Бартелеми аралынан қайта хабарласып, келуге ыңғайлы күндерді сұраған. Эпштейн оған нақты күндерді ұсынып: "Саған бізден әрқашан орын табылады" деп жауап берген. Құжаттардан сапардың болған-болмағаны анықталмаған.

Құжаттар жарияланғаннан кейін Маск X әлеуметтік желісінде жағдайға қатысты пікір білдірді. Ол Эпштейннің аралына бару туралы ұсыныстан бірнеше рет бас тартқанын мәлімдеді.

"Мен Эпштейнмен өте аз хат алмастым және оның аралына бару туралы бірнеше рет жасалған шақырудан бас тарттым", - деді кәсіпкер.

Оның айтуынша, кейбір хабарламалар бұрмаланып, оның абыройына нұқсан келтіру үшін қолданылуы мүмкін, бірақ бұл оны алаңдатпайды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас материалдар

«Тек Талула екеумізге»: Масктың Эпштейн аралына сапары туралы не белгілі? · Todayinfo