– Бұл жігіттер «Қайрат» командасының Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығуы үшін бар күш-жігерін салды. Өкінішке қарай, алдағы ойындарға дайындыққа байланысты марапатқа тек Шерхан Қалмырза ғана қатыса алды. Қуана хабарлаймын: біз Темірлан Анарбековті 2026 жылдың қаңтарынан бастап Қазақ спорт және туризм академиясының студенті болуға шақырдық. Сондай-ақ, Дастан Сатпаевтың да біздің жоғары оқу орындарының біріне түсетініне үміттіміз. Оның жасы бар болғаны 17-де! Министрлік спортты дамытумен қатар, кәсіби спортшылардың академиялық білім алуына да ерекше мән береді. Темірлан Анарбеков пен Шерхан Қалмырза – спорттық жетістіктері үшін грант иегері атанған алғашқы спортшылар емес. Бұған дейін де көптеген дарынды жастар осындай қолдауға ие болған. Біз талантты жастарды барынша қолдауға тиіспіз – мейлі ол спортта, ғылымда немесе өнерде болсын. Темірлан мен Шерханның үлгісі көптеген студентке оқу мен спортты қатар алып жүруге, мақсатқа жетудің еңбексіз болмайтынын дәлелдеуге шабыт береді. Спортшыларымызға жеңіс пен жарқын жетістіктер тілеймін! – деді министр.
Темірлан Анарбеков те білім гранты иегері атанды
Фото: Қайрат ФК Бүгін Ғылым және жоғары білім министрлігінде Спорт және туризм академиясының ректорлық гранты футбол клубы «Қайраттың» қақпашысы әрі екінші курс студенті Шерхан Қалмырзаға табысталды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Айта кетерлігі, футбол — ком

Фото: Қайрат ФК
Бүгін Ғылым және жоғары білім министрлігінде Спорт және туризм академиясының ректорлық гранты футбол клубы «Қайраттың» қақпашысы әрі екінші курс студенті Шерхан Қалмырзаға табысталды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетерлігі, футбол — командалық ойын, ал жеңіс әрқашан бірлескен еңбектің нәтижесі. Осы орайда, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек министрлік «Қайрат» клубының барлық студент-спортшысын қолдайтынын ерекше атап өтті.
Бұған дейін министрлік Темірлан Анарбековке (ол үш пенальтиді қайтарды) және Дастан Сатпаевқа Алғыс хат табыстаған болатын.
Ұқсас материалдар

Спорт
36,4 млн теңге табыс: Бибісара Асаубаева Норвегиядағы додада топ жарды
Айғаным Нариманова·

Спорт
Қордайда жантүршігерлік жол апатынан 1 адам көз жұмды
Айғаным Нариманова·

Спорт
Александр Винокуров Рим Папасына Қазақстан велоспорт құрамасының жейдесін сыйға тартты
Айғаным Нариманова·

Спорт
«Текстің мәтіні бірдей»: журналист Спорт министрлігін Олимпиада чемпионына қарсы блогерлерді жалдағанын айтып, сынады
Айғаным Нариманова·