Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Теңізшевройл» экологияны ластағаны үшін ірі көлемде айыппұл төлейді

Атырау облысында «Теңізшевройл» компаниясы ластаушы заттар шығарындылары нормативтерін асырғаны үшін 53,7 млн теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Авторы Мұхтар Жексенбай··2 мин оқу
«Теңізшевройл» экологияны ластағаны үшін ірі көлемде айыппұл төлейді
📷 Дереккөз: orda.kz

Атырау облысында «Теңізшевройл» компаниясы ластаушы заттар шығарындылары нормативтерін асырғаны үшін 53,7 млн теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Бұзушылықты облыстық экология департаментінің мамандары құжаттарды тексеру барысында анықтаған. Ведомство мәліметінше, компания ластаушы заттар шығарындысының нормасын едәуір асырған. Әкімшілік іс Жылыой аудандық сотына жолданған.

«Соттың 2026 жылғы 20 сәуірдегі қаулысымен «Теңізшевройл» ЖШС кінәлі деп танылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – делінген ведомство хабарламасында.

«Теңізшевройл» бұған дейін Теңіз кен орнында мұнай өндіруді тоқтатып, кейін кезең-кезеңмен қалпына келтіре бастаған. Себебі – электрмен жабдықтау жүйелеріндегі техникалық ақау және сақтық шаралары. ТШО-да апат екі газтурбиналық генератор арасындағы трансформатордың тұтануынан болғанын айтқан. Осы жылдың наурыз айында зауытта тағы да өрт шығып, жұмыс уақытша тоқтатылған.

Ұқсас материалдар

«Теңізшевройл» экологияны ластағаны үшін ірі көлемде айыппұл төлейді · Todayinfo