Алматы халықаралық әуежайының терминалдарына қатты жаңбырдан кейін қайтадан су кірді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 3 мамыр күні қатты жауын-шашын салдарынан Т1 және Т2 терминалдарының жекелеген аймақтарында шатырдан су аққан.
Оқиға салдары 30 минут ішінде жедел жойылды және рейстердің орындалуына ешқандай әсер еткен жоқ. Қазіргі уақытта әуежай қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.
Болашақта мұндай жағдайлардың алдын алу және себептерін бағалау үшін инфрақұрылымға тексеру жүргізілуде. Бұл Алматы әуежайындағы мұндай бірінші оқиға емес екенін атап өткен жөн.




