Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

TikTok пен Meta-ға ескерту: Талап орындалмаса, 400 АЕК айыппұл салынады

Қазақстанда TikTok, Telegram, YouTube және Meta (Instagram, Facebook) сияқты алпауыт компанияларға қатысты талаптар күшейтілуде. Енді деструктивті контентті дер кезінде өшірмеген платформалар қомақты айыппұл төлеп, тіпті интернет трафигінен қағылуы мүмкін. Мәдениет және ақпарат м

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··2 мин оқу
TikTok пен Meta-ға ескерту: Талап орындалмаса, 400 АЕК айыппұл салынады

Қазақстанда TikTok, Telegram, YouTube және Meta (Instagram, Facebook) сияқты алпауыт компанияларға қатысты талаптар күшейтілуде. Енді деструктивті контентті дер кезінде өшірмеген платформалар қомақты айыппұл төлеп, тіпті интернет трафигінен қағылуы мүмкін. Мәдениет және ақпарат министрлігі осындай қатаң шараларды қолға алмақ.

Айыппұл және "баяу" интернет

Министрліктің мәлімдеуінше, қазіргі таңда аталған әлеуметтік желілердің Қазақстандағы ресми өкілдері тағайындалған. Алайда, жұмысты ширату үшін заңнамаға түзетулер енгізу ұсынылып отыр.

Егер онлайн платформа иелері министрліктің "заңсыз контентті жою" туралы нұсқамасын елемесе, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады:

  • Бірінші рет: 200 АЕК көлемінде айыппұл;

  • Қайталанған жағдайда: 400 АЕК-ке дейін өседі.

Бұдан бөлек, ең әсерлі тетіктердің бірі – техникалық шектеу. Деструктивті ақпарат тарататын платформаларға трафикті азайту шаралары қарастырылуда. Яғни, талапты орындамаған желінің жұмысы Қазақстан аумағында баяулауы мүмкін.

Қарапайым қолданушыларға да қатысты

Жаңа ұсыныстар тек платформа иелерін ғана емес, желі қолданушыларын да тәртіпке шақыруды көздейді.

Ведомство ұсынған ақпаратқа сүйенсек, интернет кеңістігінде әдепсіз сөздер қолданатын, балағат жазатын пайдаланушыларға да жауапкершілік жүктеу жоспарлануда. Сонымен қатар, Қазақстанда онлайн платформалардың толыққанды өкілдіктерін тіркеу міндеттелмек. Бұл құқықтық теңгерімді сақтауға мүмкіндік береді.

Ұқсас материалдар

TikTok пен Meta-ға ескерту: Талап орындалмаса, 400 АЕК айыппұл салынады · Todayinfo