Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

TikTok-қа шектеу қою қажет – депутат

Фото: parlam.kz Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан Премьер-министр Олжас Бектеновке TikTok желісіне шектеу қою туралы депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Тodayinfo  ақпараттық порталы. Депутат TikTok-тың жасөспірімдерге кері әсерін ат

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
TikTok-қа шектеу қою қажет – депутат
Фото: parlam.kz Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан Премьер-министр Олжас Бектеновке TikTok желісіне шектеу қою туралы депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Депутат TikTok-тың жасөспірімдерге кері әсерін атап өтіп, платформаны реттеудің маңыздылығын көтерді. Оның айтуынша, әлеуметтік желіде ұлттық құндылықтар мен әдепке қайшы келетін, балалардың санасына зиян тигізетін контент көбейген.
«Бүгінде балалардың әліппесі – әлеуметтік желі, емізігі – TikTok, бесік жыры – Instagram болып барады. Ұрпақ тәрбиесімен ата-ана емес, гаджеттер айналысуда», – деді депутат.
Әшімжан TikTok-қа қатысты шектеу шараларын әлем елдерінің енгізіп жатқанын еске салып, Қазақстанда да балалардың бұл платформаны пайдалануын заңмен реттеуді ұсынды. Депутат Үкіметке келесі шараларды қолға алуды ұсынды: TikTok-тағы әдепке, ұлттық құндылықтарға және балалардың психологиясына зиян келтіретін барлық контентке шектеу қою. TikTok-ты кәмелеттік жасқа толмаған балалардың пайдалануына заң жүзінде шектеу қою немесе толық тыйым салу механизмін қарастыру. Бұл мәселе бойынша Үкіметтен заңнамада көрсетілген мерзім ішінде жауап беру сұралды.  

Ұқсас материалдар

TikTok-қа шектеу қою қажет – депутат · Todayinfo