Тіл тартпай кетті: Астана—Қарағанды жолында 7 көлік соқтығысты
Астана–Қарағанды тас жолында жеті көліктің қатысуымен апат болды. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Бүгін, 10 наурыз күні, «Астана–Қарағанды» тас жолында жеті көлік соқтығысып, бір адам оқиға орнында көз жұмды. Бұл ақпаратты Қарағанды облысы полиция департаме

Астана–Қарағанды тас жолында жеті көліктің қатысуымен апат болды. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды.
Бүгін, 10 наурыз күні, «Астана–Қарағанды» тас жолында жеті көлік соқтығысып, бір адам оқиға орнында көз жұмды. Бұл ақпаратты Қарағанды облысы полиция департаменті растады.
Полиция мәліметінше, ауа райы қолайсыз болғанына қарамастан кейбір жүргізушілер ұзақ жолға шығып кеткен. Сағат 11:00 шамасында Ошағанды ауылы маңында, Қарағандыға бет алған жеті көлік боран мен тайғақ жолдың салдарынан бірінен соң бірі соқтығысып қалды.
Алдын ала болжам бойынша, көліктер бораннан жолды көре алмай, бір-біріне соғылған. Оқиға барысында: Chevrolet Nexia көлігі Chery Tiggo көлігінен соғылды, одан кейін Toyota Land Cruiser соқтығысты. Артынан екі жүк көлігі және «ҚазАвтоЖол» қызметтік көлігі апатқа ілікті, соңында УАЗ Hunter қосылды.
Апат салдарынан Toyota Land Cruiser көлігінің жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.
Полиция өкілдері барлық көліктер республикамыздың трассаларына шектеу қойылмаған кезде жолға шыққанын ескертеді.
Қазіргі таңда жол полициясы мен жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеуде.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Межпартийные теледебаты выйдут в эфире республиканских телеканалов
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
БАҚ өкілдері ағартушылық жұмыс арқылы елдік мүддеге қызмет ету керек - Нұркен Асанов
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жеребьевка в ЦИКе: в каком порядке партии будут представлены в бюллетене?
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Орталық сайлау комиссиясында жеребе тарту өтті: саяси партиялар сайлау бюллетенінде қандай ретпен орналасады?
Жаннұр Еділбаева·