Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Тимур Турлов Қызылордадағы тарихи матчқа қатысты: QJ лигасы 1000-шы ойынын өткізді

Қызылордадағы «Қайсар Арена» стадионында QJ лигасының мыңыншы тарихи матчы өтті. Шараға Тимур Турлов пен Рохус Шох арнайы қатысты.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Тимур Турлов Қызылордадағы тарихи матчқа қатысты: QJ лигасы 1000-шы ойынын өткізді

Қызылордадағы «Қайсар Арена» стадионында жасөспірімдер арасындағы Freedom QJ лигасының 1000-шы тарихи ойыны өтті. Жергілікті «Қайсар» командасы қостанайлық «Тобылмен» кездесті, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Мерейтойлық матчтың ашылу салтанатына облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов, Freedom Holding Corp басшысы әрі лиганың қамқоршылық кеңесінің төрағасы Тимур Турлов және QJ League президенті Рохус Шох арнайы келді.

Данияр Жаналинов жиналған қауымды маңызды оқиғамен құттықтап, мұндай ойынның Сыр өңірінде өтуінің мәні зор екенін атап өтті.

"Бұл – футбол тарихына алтын әріппен жазылатын маңызды дода. Басты мақсат – жасөспірімдер футболын дамытып, кәсіби ойыншылар санын арттыру. «Қайсар» командасы 2023 жылы құрылып, осы аралықта Дінмұхаммед Рүстемұлы секілді талантты футболшыларды тәрбиелеп үлгерді. Тарихи матчты біздің өңірде өткізуге ұсыныс білдірген Freedom QJ лигасына алғыс айтамыз!", - деді ол.

Өз кезегінде Тимур Турлов пен Рохус Шох та QJ лигасының қазақстандық жасөспірімдер футболын дамытудағы рөлі ерекше екенін жеткізді.

Спорттық шара соңында жанкүйерлер үшін танымал әншілер Daricorn және ARО өнер көрсетті.

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас материалдар

Тимур Турлов Қызылордадағы тарихи матчқа қатысты: QJ лигасы 1000-шы ойынын өткізді · Todayinfo