Белгілі әнші Төреғали Төрәлі Instagram парақшасында «бәрін тоқтаттым» деген жазба қалдырып, тыңдармандарын алаңдатып қойды. Осы мәлімдемеден кейін әлеуметтік желіде түрлі пікірлер тарады. Тыңдармандардың көпшілігі оның сахнадан кету туралы шешіміне алаңдаушылық білдіруде,деп хабарлайды Todayinfo.kz.
Осыған байланысты әншінің әкесі, танымал тұлға Төреәлі Төлепов Instagram парақшасында ұлына арналған жүрекжарды жыр жолдарын жариялады:
«Сенбесімді білмедім сенерімді,
Бірдеңені тоқтатам деп қойыпсың.
Көп жастар алар еді сенен үлгі...
Алла берген тоқтатпа өлеңіңді,
Алла берген тоқтатпа өнеріңді!» – деп жазды ол.
Жұмбақ жазбалар мен алаңдатқан қадамдар
Төреғали Төрәлі бұл жазбамен шектеліп қана қоймай, өзінің «Ұлы дала баласы» атты парақшасындағы басты суретін қара түске өзгертіп, пікір қалдыру мүмкіндігін шектеп тастаған. Сондай-ақ, келесі жазбасында «Музыкасыз күн, дауыссыз таң» деген өлең жолдарын қалдырып, тыңдармандарды тағы да ойға қалдырды.
Оның көмекшісі бұл жағдайға қатысты сұрақтарға нақты жауап бермей:
«Барлығын көп ұзамай Төреғалидің өзі түсіндіреді», – деп қысқа қайырды.
Айта кетейік, әнші биыл наурыз айында Қазақстанның төрт қаласында концерт беруді жоспарлаған еді. Алайда, денсаулығына байланысты гастрольдік сапар кейінге шегерілген болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram




