Президент бұл мейрамның ел үшін маңызды екенін алға тартты.
“Құрметті отандастар! Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – қоғамымыздың мызғымас құндылықтарын паш ететін қастерлі мейрам.
Кезінде тағдырдың жазуымен елімізде тұрақтаған түрлі этнос өкілдері Қазақстан атты киелі Шаңырақтың астында бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Бұл – бәрімізге ортақ игілік,” – деді ол.
Тоқаев бейбіт заман мен бірлігімізді сақтап қалу жаңа конститутцияда да ерекше аталғанын айтты.
“Бұл – Қазақстан халқының саналы түрде жасаған таңдауы. Себебі азаматтарымыз баршаға бірдей құқықтар мен мүмкіндіктер беретін елде, әділ, тұрақты және бақуатты қоғамда тұруды қалайды.
Қымбатты отандастар, баршаңызға зор денсаулық, амандық және бақ-береке тілеймін!” – деп қорытты ол.




