Todayinfo.kz
СаясатБарлық жазбаларды қарау

Ақжан мен Ақниет: Президент Тоқаев сыйға алған жылқыларын тамашалады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзіне сыйға тартылған жылқыларды көріп, оларға жем берді. Олардың арасында Ақжан мен Ақниет есімді биелер және Катардан әкелінген араб сәйгүліктері бар.

Авторы Todayinfo редакциясы··1 мин оқу
Ақжан мен Ақниет: Президент Тоқаев сыйға алған жылқыларын тамашалады
📷 Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзіне сыйға тартылған жылқыларды барып көріп, оларға жем берді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Астанада бір жыл бұрын ақалтеке тұқымының биесі дүниеге келген болатын. Мемлекет басшысы оған «Ақжан» деп ат қойған. Ол ақшыл-қызғылт реңктер үйлескен ерекше түсімен ерекшеленеді.

Сонымен қатар, жарты жыл бұрын жылқы қораға осы тұқымдағы тағы бір бие қосылып, оған «Ақниет» есімі берілді. Президент әр жылдары сыйға тартылған жылқыларды барып көріп қана қоймай, оларға өз қолымен жем бергені белгілі.

Соңғы сыйлықтар қатарында Катар елінен әкелінген төрт араб сәйгүлігі бар.

5458627975948473764.jpg5456379504734443531.jpg

Ұқсас материалдар

Ақжан мен Ақниет: Президент Тоқаев сыйға алған жылқыларын тамашалады · Todayinfo