Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларБарлық жазбаларды қарау

Топ-менеджерлерге төленген миллиондар: “Самұрық-Қазына”, KEGOC және “Қазатомпром” басшылары тексерілмек

Аудиторлар “Самұрық-Қазына”, KEGOC және “Қазатомпром” басшыларына берілген сыйақылады тексереді .  Бұл туралы жоғарғы аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі Ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап. Смайыловтың айтуынша, “Самұ

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Топ-менеджерлерге төленген миллиондар: “Самұрық-Қазына”, KEGOC және “Қазатомпром” басшылары тексерілмек
Аудиторлар “Самұрық-Қазына”, KEGOC және “Қазатомпром” басшыларына берілген сыйақылады тексередіБұл туралы жоғарғы аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі Ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап.
Смайыловтың айтуынша, “Самұрық-Қазына”, KEGOC және “Қазатомпром” компанияларының жоғары басшылық құрамының сыйақы беру жүйесі аудит аясында тексерілмек.
– Бұл мәселелер де мемлекеттік аудит шеңберінде қамтылады. Нәтижелері бойынша ақпарат береміз. Айтпақшы, аудиттің негізгі қорытындыларын жедел түрде жариялап отырамыз. Егер қандай да бір заңбұзушылықтар анықталса, біз бұл компаниялардың басшылығына тиісті нұсқамалар береміз, – деді ол.
Бұған дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әсет Мағауовқа компаниядағы топ-менеджерлердің сыйақысы мен бензин бағасына қатысты сауал қойылған болатын. Мағауов компания басшылығына берілген сыйақылар туралы нақты жауап бере алмады. Журналистердің айтуынша, «ҚазМұнайГаздың» 17 топ-менеджеріне жалпы көлемі 705 миллион теңге сыйақы төленген. Бұған дейін Todayinfo агенттігі "Самқрық-Қазына" төрағасының атына топ-менеджерлерге берілген сыйақының заңдылығы мен мөлшері туралы ресми сауал жолдаған еді. Алайда басшылық сан сауалға нақты жауап беруден бас тартып, сыйақы мөлшерін жасырып қалған еді. Коллажы: Ulysmedia.kz 

Ұқсас материалдар