Todayinfo.kz
AQORDAБарлық жазбаларды қарау

Тоқаев Бразилия президентіне көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Бразилияның Сан-Паулу штатында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты президент Луис И

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Тоқаев Бразилия президентіне көңіл айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Бразилияның Сан-Паулу штатында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты президент Луис Инасиу Лула да Силваға көңіл айтты.
«Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, Қазақстан халқының әрі жеке өз атымнан сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Бразилия халқына көңіл айтамын», – деп жазылған жеделхатта.
 

Ұқсас материалдар

Тоқаев Бразилия президентіне көңіл айтты · Todayinfo