Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда жазда кезектен тыс Парламент сайлауы өтетінін және 15 наурыз Конституция күні болып белгіленгенін жариялады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы алдағы саяси науқанды бүкіл ел болып атқарудың маңызын атап өтті. Оның айтуынша, жаңадан жасақталатын заң шығарушы органның құрамында жастардың үлесі басым болуы тиіс.
"Оны бір ел болып атқаруымыз керек. Бұл жастардың парламенті болуы қажет деп ойлаймын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен бірге президент еліміздің басты құжатына қатысты маңызды жаңалықпен бөлісті. Енді 15 наурыз ресми түрде Конституция күні ретінде аталып өтеді. Бұған дейін бұл мереке 30 тамызда тойланатын.
"Енді 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді. Бұл – еліміздің басты құжаты. Мен басқа да мемлекеттердің конституцияларымен танысып шықтым. Біздің Конституциямыз ең үздік Ата заңдардың қатарында тұрады деп сеніммен айта аламын", – деді Мемлекет басшысы.
Фото: Әлеуметтік желіден




