Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі Қызыл алаңда Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған әскери парадқа қатысты, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Ақорданың баспасөз қызметінің ресми Telegram-арнасы фотосуреттер мен бейнелерді бөлісті.
Мемлекет басшысы сонымен қатар Александров бағындағы Белгісіз Сарбаз ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путинмен қатар, салтанатты іс-шараларға Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Малайзия Королі Сұлтан Ибрагим, Лаос Президенті Тхонглун Сисулит және басқа да мемлекет басшылары қатысты.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесу өткізген болатын. Кездесу барысында мемлекет басшылары екіжақты күн тәртібіндегі мәселелердің кең ауқымын талқылады. Қазақстан Президенті Ресей басшысының Қазақстанға алдағы мемлекеттік сапарына ерекше назар аударды.




