Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Тоқаев Мысыр президентін құттықтады

  ​Мемлекет басшысы Мысыр президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. ​Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Әбдел Фаттах Ас-Сиси мен мысырлықтарды осы елдің ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады.   Қазақстан мен Мысыр арасындағы ортақ ру

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Тоқаев Мысыр президентін құттықтады
  ​Мемлекет басшысы Мысыр президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. ​Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Әбдел Фаттах Ас-Сиси мен мысырлықтарды осы елдің ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады.
  Қазақстан мен Мысыр арасындағы ортақ рухани құндылықтар мен жан-жақты өзара ынтымақтастыққа негізделген дәстүрлі қатынастардың өрісі кеңейгенін зор ризашылықпен атап өтемін. Халықтарымыздың игілігі үшін екіжақты және көпжақты форматтардағы серіктестігіміз болашақта да өзінің жалғасын тауып, қарқынды дами беретініне кәміл сенемін, – деп жазылған жеделхатта.  
Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдел Фаттах Ас-Сисидің жауапты қызметіне толағай табыс, ал бауырлас мысыр халқына құт-береке тіледі. ​  

Ұқсас материалдар

Тоқаев Мысыр президентін құттықтады · Todayinfo