Тоқаев Нұртілеудің орнына Ермек Көшербаевті тағайындады
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Todayinfo.kz Ақордаға сілтеме жасап. Ал, Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Прези

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Todayinfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Ал, Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Естеріңізге сала кетейік, қыркүйектің басында БАҚ-та Мұрат Нұртілеудің және кейбір басқа лауазымды тұлғалардың ұсталғаны жөнінде ақпарат тарап, кейін ол жалған болып шыққан еді. Сол уақытта СІМ-ге қатысты сурет жарияланды — Мұрат Нұртілеудің «Harvest Group» компаниясының төрағасымен кездесу өткізгені көрсетілген.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Более 100 человек попали в больницу: что нашли в ресторане Кандыагаша
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Караганде ликвидировали нелегальный питомник с краснокнижными хищными птицами
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
На территории будущего курорта Almaty SuperSki не нашли краснокнижных деревьев
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Төсегімнен ине, себілген тұз секілділер таптым»: Жігер Ауыпбаев бірінші әйелімен не себепті ажырасқанын айтты
Айғаным Нариманова·