Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Тоқаев Ораза айт құттықтауында маңызды мәлімдеме жасады: бұл жаңа кезең

Президент Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айтпен құттықтап, мерекенің елдегі жаңа тарихи кезеңмен және реформалармен байланысын атап өтті.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Тоқаев Ораза айт құттықтауында маңызды мәлімдеме жасады: бұл жаңа кезең

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтап, бұл мейрамның ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңмен тұспа-тұс келгенін атап өтті, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Президент өз құттықтауында Ораза айттың бүкіл мұсылман қауымы үшін мән-маңызы ерекше, қасиетті мереке екенін жеткізді. Оның айтуынша, отыз күн ораза тұтқан жұрт иманын байытып, рухани кемелдікке ұмтылады және мұқтаж жандарға қол ұшын созады.

"Осы мейрамда рухани тазару мен парасаттылық, сабырлық пен қанағатшылдық, өзара сыйластық пен тілектестік, жанашырлық пен жақсылық құндылықтары дәріптеледі", - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Ораза айттың ерекше символдық мәні барын атап өтті. Ол мейрамның Наурызбен қатар келіп, ел өміріндегі жаңа белестің бастамасы болғанын айтты.

"Биыл Ораза айт мейрамы Наурыз мерекесімен қатар келіп, ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңнің жаршысына айналды. Қазақстан халқы Жаңа Ата заңды қабылдап, жарқын болашаққа, Әділеттілік пен Өркендеуге бастайтын жолды таңдады", - делінген Ақорданың ресми хабарламасында.

Сөз соңында Президент барша отандастарға зор денсаулық, бақ-береке және толайым табыс тілеп, елімізге амандық пен тыныштық тіледі.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас материалдар

Тоқаев Ораза айт құттықтауында маңызды мәлімдеме жасады: бұл жаңа кезең · Todayinfo