Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Тоқаев Пәкістанның ең жоғары марапатын алды: Бұл орден кімдерге беріледі?

Пәкістан Президенті Асиф Али Зардари мен Премьер-министрі Шахбаз Шариф Қасым-Жомарт Тоқаевты елдің ең жоғары орденімен марапаттады.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Тоқаев Пәкістанның ең жоғары марапатын алды: Бұл орден кімдерге беріледі?

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Пәкістанның ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Нишан-и-Пакистан» ордені табыс етілді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Исламабадта өткен салтанатты рәсімде Мемлекет басшысына жоғары награданы Пәкістан Президенті Асиф Али Зардари мен Премьер-министрі Шахбаз Шариф табыстады.

«Нишан-и-Пакистан» ордені – Пәкістанның ең жоғары азаматтық марапаты. Бұл награда елдің дамуына ерекше үлес қосқан Пәкістан азаматтарына, сондай-ақ шетелдік мемлекет басшыларына, саясаткерлер мен қоғам қайраткерлеріне беріледі.

Салтанатты жиынға Пәкістанның Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, Қарулы күштердің жоғары басшылық құрамы және дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас материалдар