Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған 13-14 мамыр күндері Астанаға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Екі елдің басшылары екіжақты байланыстардың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылайды деп күтілуде.
Сонымен қатар, Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысы да президенттердің қатысуымен өтеді.
Ал 15 мамыр күні Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті ұйымдастырылады.
Бұл жиында «Жасанды интеллект және цифрлық даму» тақырыбы талқыланатын болады.




