Todayinfo.kz
СаясатБарлық жазбаларды қарау

Тоқаев пен Ердоған кездесті: Түркия Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Оны Астана әуежайында Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Тоқаев пен Ердоған кездесті: Түркия Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
📷 Дереккөз: akorda.kz

Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

2026 жылдың 13 мамырында Астана әуежайында жоғары мәртебелі қонақты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

Түркия Президентінің ұшағы Қазақстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәттен бастап, Астана әуежайына қонғанға дейін оны Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің жойғыш ұшақтары қарсы алып жүрді. Ұшақ баспалдағында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді.

Ұқсас материалдар

Тоқаев пен Ердоған кездесті: Түркия Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді · Todayinfo