Фото: t.me/aqorda_resmi
Отырыста мемлекет басшысы қор нарығын дамытудың негізгі көрсеткішінің бірі – өтімділік екенін атап өтті.
“Оны, ең алдымен, институционалдық инвесторлар қамтамасыз етеді. Қазір азаматтардың зейнетақы жинағының 50 пайызына дейінгі бөлігін жеке инвестициялық басқарушыларға беру бойынша жұмыс басталды. Осы орайда зейнетақы активтері мен АХҚО-дағы қаржы институттарына шетелдік инвестициялық басқарушы компаниялардың қол жеткізуіне мүмкіндік беру жайын ойластыру қажет”, – делінген ресми хабарламада.
Сонымен қатар президент ұлттық банкке үкіметпен, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен, АХҚО-мен бірге компанияларды қаржы орталығында локализациялау бойынша талаптарды күшейту мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынды.
Президент шетел нарығында бір мезгілде орналастырылған жағдайда жергілікті қор нарығындағы бағалы қағаздардың үлесі мен көлемінің шегін біртіндеп ұлғайту қажеттігін атап өтті. Осы орайда жеке қазақстандық компанияларды ашық алаңға шығарудың маңыздылығына да назар аударды.
Сондай-ақ мемлекет басшысы төтенше жағдайға қарсы тұрудың тиімді қаржылық тетігін құру қажет екеніне тоқталды. Түрлі мемлекеттік сақтандыру қорлары табиғи апаттардың салдарымен күресуге қолдау көрсетуі қажет. Президент үкіметке қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен, "Астана" халықаралық қаржы орталығымен бірлесіп, Орталықта осы мақсаттағы қор құру мәселесін жан-жақты зерттеуді тапсырды.
Тоқаев қазақстандық зейнетақы жинақтарын басқаруды шетелдік компанияларға беруді ұсынды
Астанада президент Тоқаевтың төрағалығымен "Астана" халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Фото: t.me/aqorda_resmi Отырыста мемлекет басшысы қор нарығын дамытудың негізгі көрсеткішінің бірі – өтімділік екенін атап өтті. “Оны, е

Астанада президент Тоқаевтың төрағалығымен "Астана" халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті.
Фото: t.me/aqorda_resmi
Отырыста мемлекет басшысы қор нарығын дамытудың негізгі көрсеткішінің бірі – өтімділік екенін атап өтті.
“Оны, ең алдымен, институционалдық инвесторлар қамтамасыз етеді. Қазір азаматтардың зейнетақы жинағының 50 пайызына дейінгі бөлігін жеке инвестициялық басқарушыларға беру бойынша жұмыс басталды. Осы орайда зейнетақы активтері мен АХҚО-дағы қаржы институттарына шетелдік инвестициялық басқарушы компаниялардың қол жеткізуіне мүмкіндік беру жайын ойластыру қажет”, – делінген ресми хабарламада.
Сонымен қатар президент ұлттық банкке үкіметпен, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен, АХҚО-мен бірге компанияларды қаржы орталығында локализациялау бойынша талаптарды күшейту мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынды.
Президент шетел нарығында бір мезгілде орналастырылған жағдайда жергілікті қор нарығындағы бағалы қағаздардың үлесі мен көлемінің шегін біртіндеп ұлғайту қажеттігін атап өтті. Осы орайда жеке қазақстандық компанияларды ашық алаңға шығарудың маңыздылығына да назар аударды.
Сондай-ақ мемлекет басшысы төтенше жағдайға қарсы тұрудың тиімді қаржылық тетігін құру қажет екеніне тоқталды. Түрлі мемлекеттік сақтандыру қорлары табиғи апаттардың салдарымен күресуге қолдау көрсетуі қажет. Президент үкіметке қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен, "Астана" халықаралық қаржы орталығымен бірлесіп, Орталықта осы мақсаттағы қор құру мәселесін жан-жақты зерттеуді тапсырды.
Фото: t.me/aqorda_resmi
Отырыста мемлекет басшысы қор нарығын дамытудың негізгі көрсеткішінің бірі – өтімділік екенін атап өтті.
“Оны, ең алдымен, институционалдық инвесторлар қамтамасыз етеді. Қазір азаматтардың зейнетақы жинағының 50 пайызына дейінгі бөлігін жеке инвестициялық басқарушыларға беру бойынша жұмыс басталды. Осы орайда зейнетақы активтері мен АХҚО-дағы қаржы институттарына шетелдік инвестициялық басқарушы компаниялардың қол жеткізуіне мүмкіндік беру жайын ойластыру қажет”, – делінген ресми хабарламада.
Сонымен қатар президент ұлттық банкке үкіметпен, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен, АХҚО-мен бірге компанияларды қаржы орталығында локализациялау бойынша талаптарды күшейту мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынды.
Президент шетел нарығында бір мезгілде орналастырылған жағдайда жергілікті қор нарығындағы бағалы қағаздардың үлесі мен көлемінің шегін біртіндеп ұлғайту қажеттігін атап өтті. Осы орайда жеке қазақстандық компанияларды ашық алаңға шығарудың маңыздылығына да назар аударды.
Сондай-ақ мемлекет басшысы төтенше жағдайға қарсы тұрудың тиімді қаржылық тетігін құру қажет екеніне тоқталды. Түрлі мемлекеттік сақтандыру қорлары табиғи апаттардың салдарымен күресуге қолдау көрсетуі қажет. Президент үкіметке қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен, "Астана" халықаралық қаржы орталығымен бірлесіп, Орталықта осы мақсаттағы қор құру мәселесін жан-жақты зерттеуді тапсырды.
Ұқсас материалдар

Саясат
«Әділет» партиясының тізімі жарияланды
Айдар Керім·

Саясат
Қытай Қазақстан экономикасына 30 млрд доллардан астам инвестиция салды - Тоқаев
Айғаным Нариманова·

Саясат
Трамп халыққа шұғыл үндеу жасайтынын мәлімдеді
Айғаным Нариманова·

Саясат
Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әміріне және оның әулетіне көңіл айту үшін Дохаға барды
Айғаным Нариманова·