Todayinfo.kz
AQORDAБарлық жазбаларды қарау

«Ұлты қырғыз»: Тоқаев Қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

"Мемлекет басшысының өкімімен Алмаз Дженишевич Джумакеев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", – делінген хабарламада. Алмаз Дженишевич Джумакеев 1970 жылғы 6 наурызда Қырғыз КСР Ыстықкөл о

Авторы Айғаным Нариманова··3 мин оқу
«Ұлты қырғыз»: Тоқаев Қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады
"Мемлекет басшысының өкімімен Алмаз Дженишевич Джумакеев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", – делінген хабарламада.
Алмаз Дженишевич Джумакеев 1970 жылғы 6 наурызда Қырғыз КСР Ыстықкөл облысының Пржевальск қ. 1970 жылғы 6 наурызда әскери қызметшілер отбасында дүниеге келген. Ұлты қырғыз, Қазақстан Республикасының азаматы. 1992 жылы Лениндік Комсомол атындағы Рязань жоғары әуе-десанттық командалық екі мәрте Қызыл Ту училищесін тәмамдаған. Мемлекеттік наградалары - 2-дәрежелі Айбын; - 2-дәрежелі Данқ. Мансап - 1992 ж, маусымнан бастап 1992 ж. қарашаға дейін Қапшағай қ. 32363 әскери бөлімі парашюттік-десанттық батальоны парашюттік-десанттық ротасы парашюттік-десанттық взводының командирі; - 1992 жылғы қыркүйек пен қазан аралығында Тәжікстандағы РФ шекара әскерлері Пянжан шекара жасағының жауапкершілік аймағында ТМД Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты; - 1992 ж. қараша мен 1993 ж. қараша аралығында Қапшағай қ. 32363 әскери бөлімі парашюттік-десанттық батальоны барлау взводының командирі – барлау бастығы; - 1993 ж. қараша мен 1994 ж. қазан аралығында Қапшағай қ. 32363 әскери бөлімі десанттық-шабуылдау батальоны (автомобильдерде) штабтық ротасының командирі; - 1994 ж. қазан мен 1996 ж. маусым аралығында Қапшағай қ. 32363 әскери бөлімі  десанттық-шабуылдау батальоны (автомобильдерде) командирінің орынбасары; - 1996 ж. маусым мен 1998 ж. ақпан аралығында Қапшағай қ. 32363 әскери бөлімі  десанттық-шабуылдау батальонының командирі (автомобильдерде); - 1998 ж. ақпан мен 1998 ж. мамыр аралығында Қапшағай қ. 32363 әскери бөлімі десанттық-шабуылдау батальонының командирі (БТР-80-де); - 1998 ж. мамыр мен 1999 ж. маусым аралығында Қапшағай қ. 32363 әскери бөлімі «БАРС» жекелеген десанттық-шабуылдау батальонының (ұйымдық-штаттық іс-шаралар жөніндегі) командирі  (автомобильдерде); - 1999 ж. маусым мен 2001 ж. тамыз аралығында Қапшағай қ. 32363 әскери бөлімі «БАРС» жекелеген десанттық-шабуылдау батальонының (ұйымдық-штаттық іс-шаралар жөніндегі) командирі  (автомобильдерде); - 2001 ж. тамыз бен 2003 ж. қазан аралығында штаб бастығы – Қапшағай қ. 32363 әскери бөлімі командирінің орынбасары; - 2003 ж. қазан мен 2009 ж. желтоқсан аралығында Талдықорған қ. 18404 әскери бөлімінің командирі; - 2009 ж. желтоқсан мен 2010 ж. сәуір аралығында Астана қ. ҚР ҚМ ШБК жауынгерлік даярлық пен әскерлер қызметі департаментінің бастығы; - 2010 ж. сәуір мен 2010 ж. қыркүйек аралығында Қарағанды қ. «Астана» ӨңҚ штабының бастығы – өңірлік қолбасшылық қолбасшысының бірінші орынбасары; - 2010 ж. қыркүйек пен 2011 ж. мамыр аралығында бас қолбасшының (ТжӘҚЖ) жөніндегі орынбасары – Астана қ. ҚР ҚК ҚӘ бас қолбасшысы басқармасының ТжӘҚЖ бас басқармасының бастығы; - 2011 ж. мамыр мен 2015 ж. қазан аралығында Астана қ. 68665 әскери бөлімінің командирі; - 2015 ж. қазан мен 2018 ж. сәуір аралығында Алматы қ. ҚР ҚК Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы; - 2018 ж. сәуір мен 2018 ж. желтоқсан аралығында ҚР ҚК ҚӘ бас қолбасшысының орынбасары (жауынгерлік даярлық жөніндегі) – ҚР ҚК ҚӘ БҚБ ЖДББ бастығы; - 2018 ж. желтоқсан мен 2019 ж. тамыз аралығында ҚР ҚК БШ Жауынгерлік даярлық департаментінің бастығы; - 2019 ж. тамыз бен 2021 ж. маусым аралығында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің (БШ) тыңдаушысы; - 2021 ж. маусым мен 2021 ж. тамыз аралығында ҚР Қорғаныс министрінің өкімінде болды; - 2021 ж. тамыз бен 2022 ж. наурыз аралығында бас қолбасшының орынбасары – ҚР ҚК ҚӘ БҚБ ЖДББ бастығы. - 2022 ж. наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Қарулы Күштері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы.

Ұқсас материалдар

«Ұлты қырғыз»: Тоқаев Қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады · Todayinfo