Todayinfo.kz
СаясатБарлық жазбаларды қарау

Тоқаев Қытайдағы қайғылы оқиғаға байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы көмір шахтасында болған жарылыстан қаза тапқандарға байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты.

Авторы Todayinfo редакциясы··1 мин оқу
Тоқаев Қытайдағы қайғылы оқиғаға байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты
📷 Дереккөз: sn.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Мемлекет басшысы Қытайдың Шаньси өлкесіндегі көмір шахтасында болған газ жарылысы салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Си Цзиньпинге және барша Қытай халқына көңіл айтты.

Президент жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуіне тілек білдірді.

Ұқсас материалдар

Тоқаев Қытайдағы қайғылы оқиғаға байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты · Todayinfo