Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Тоқаев Сербия президентін марапаттады: «Сіз – халық қолдаған нағыз көшбасшысыз»

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия басшысы Александр Вучичті "Алтын Қыран" орденімен марапаттап, оны "нағыз көшбасшы" деп атады.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Тоқаев Сербия президентін марапаттады: «Сіз – халық қолдаған нағыз көшбасшысыз»

Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия басшысы Александр Вучичті еліміздің ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде Тоқаев Александр Вучичті халықтың қолдауына сүйеніп, өз елін сенімді түрде ілгері бастап келе жатқан көрнекті мемлекет қайраткері және нағыз көшбасшы деп атады.

«Сіздің сарабдал саясатыңыздың арқасында Сербия дамуда айтарлықтай жетістікке жетіп, халықаралық аренадағы беделін нығайтты. Сіздің дана басшылығыңызбен ел жаңа белестерді бағындыра беретініне сенімдімін», – деді Президент.

Мемлекет басшысы Сербияның Балқан түбегіндегі Қазақстанның сенімді серіктесі екенін атап өтті. Оның айтуынша, екі елдің қарым-қатынасы өзара қолдауға, түсіністікке және мызғымас достыққа негізделген. Сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық қарқын алып, көпжақты құрылымдар аясындағы өзара іс-қимыл кеңейіп келеді.

«Бұл – қазақ халқының Сізге және Сербия халқына деген зор ризашылығы мен ерекше құрметінің белгісі. Сізді шын жүректен құттықтаймын! Бұл награда елдеріміз арасындағы қарым-қатынастың одан әрі дамуына септігін тигізеді деп сенемін. Екі халықтың достық байланысы нығая берсін!», – деп сөзін түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас материалдар

Тоқаев Сербия президентін марапаттады: «Сіз – халық қолдаған нағыз көшбасшысыз» · Todayinfo