Todayinfo.kz
AQORDAБарлық жазбаларды қарау

Тоқаев Сингапур президентінің Istana сарайына барды

Мемлекет басшысы Сингапур президентінің Istana сарайына барды, деп хабарлады Todayinfo тілшісі. Қасым-Жомарт Тоқаевты президент Тарман Шанмугаратнам қарсы алды. Қазақстан мен Сингапурдың әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылының бастығы мемлекет басшыларына рапорт берді. Содан соң

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Тоқаев Сингапур президентінің Istana сарайына барды
Мемлекет басшысы Сингапур президентінің Istana сарайына барды, деп хабарлады Todayinfo тілшісі. Қасым-Жомарт Тоқаевты президент Тарман Шанмугаратнам қарсы алды. Қазақстан мен Сингапурдың әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылының бастығы мемлекет басшыларына рапорт берді. Содан соң Қазақстан президенті Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды. Екі ел басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Салтанатты рәсімнен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тарман Шанмугаратнам келіссөз өтетін залға барды.  

Ұқсас материалдар

Тоқаев Сингапур президентінің Istana сарайына барды · Todayinfo