Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Тоқаев ТМД-дағы рекордтық көрсеткішті жариялады: «Бұрын-соңды болмаған деңгей»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның экономикасы 6,5%-ға өсіп, жан басына шаққандағы ЖІӨ 15 мың долларға жеткенін мәлімдеді.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Тоқаев ТМД-дағы рекордтық көрсеткішті жариялады: «Бұрын-соңды болмаған деңгей»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның күрделі геосаяси ахуалға қарамастан қол жеткізген негізгі әлеуметтік-экономикалық жетістіктеріне тоқталды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Ақорданың ресми Telegram-арнасында Мемлекет басшысының еліміздің табыстары туралы мәлімдемесі жарияланды.

«Осы күрделі ахуалға қарамастан, біз барлық сын-қатерді еңсеріп, алға қарай нық сеніммен қадам басып келе жатырмыз.

Былтыр экономикамыз 6,5 пайызға өсті. Жалпы ішкі өнім 306 миллиард долларға жетті. Ал оның жан басына шаққандағы үлесі алғаш рет 15 мың доллар болды. Бұл – ТМД елдерінің арасындағы рекордтық көрсеткіш.

Алтын-валюта қорымыз 74 миллиард долларға жуықтады. Біз осындай жоғары деңгейге Тәуелсіздік тарихында алғаш рет жетіп отырмыз.

Орталық Азия аймағына тартылған таза шетел инвестициясының 69 пайызы Қазақстанға тиесілі. Шағын және орта бизнестің ұлттық экономикадағы үлесі бүгінде – 40 пайыз.

Азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 75,9 жасқа жетті. Біз биыл әлемдегі экономикасы аса ірі 50 елдің қатарына қосылдық. Халықаралық валюта қорының болжамы бойынша жаһандық экономиканың дамуына үлес қосып отырған дүние жүзіндегі 25 мемлекеттің бірі атандық.

Еліміздің ынтымақ-бірлігі мен халқымыздың табанды еңбегінің арқасында орасан зор табысқа қол жеткіздік. Бірақ мұнымен тоқтап қалуға болмайды», - делінген Президент мәлімдемесінде.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас материалдар

Тоқаев ТМД-дағы рекордтық көрсеткішті жариялады: «Бұрын-соңды болмаған деңгей» · Todayinfo