Todayinfo.kz
AQORDAБарлық жазбаларды қарау

Тоқаев Вьетнам Президенті То Ламға құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламды Президент болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.  – Сайлаудағы жеңісіңіз елді саяси-экономикалық тұрғыдан өркендетуге және ұлттық мүддені халықарал

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Тоқаев Вьетнам Президенті То Ламға құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламды Президент болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
 – Сайлаудағы жеңісіңіз елді саяси-экономикалық тұрғыдан өркендетуге және ұлттық мүддені халықаралық деңгейде ілгерілетуге бағытталған маңызды жоспарларыңызға азаматтардың сенімі жоғары екенін көрсетеді. Сіздің парасатты саясатыңыз бен қажырлы еңбегіңіздің арқасында Отаныңыз бүгінгіден де биік белестерге жете беруіне тілектеспін, – деп жазылған жеделхатта.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Вьетнамды Қазақстанның Азиядағы маңызды серіктестерінің бірі ретінде атап өтіп, өзара стратегиялық әріптестік қос халықтың игілігі үшін одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді. 

Ұқсас материалдар

Тоқаев Вьетнам Президенті То Ламға құттықтау жеделхатын жолдады · Todayinfo