Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Тоқаев жаңа орден тағайындады: Ясауи атындағы марапат кімге беріледі?

Президент Тоқаев Түркістанда жаңа мемлекеттік награда – Қожа Ахмет Ясауи ордені тағайындалатынын мәлімдеді. Бұл марапат ғалымдарға беріледі.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Тоқаев жаңа орден тағайындады: Ясауи атындағы марапат кімге беріледі?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының жұртшылығымен кездесуде Қазақстанда жаңа мемлекеттік награда – Қожа Ахмет Ясауи ордені тағайындалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы өз сөзінде ұлы ойшылдың мұрасын әлемге, әсіресе ірі мемлекеттерге кеңінен таныту қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, бұл тарихи тұлға туралы жоғары сапалы фильмдер мен көркем туындылар жасалып, еліміздің әр облысында оның зияткерлік мұрасына арналған оқулар ұйымдастырылуы тиіс.

"Мен жақын арада мемлекеттік наградалар қатарына Қожа Ахмет Ясауи орденін енгізу жөнінде Жарлыққа қол қоямын. Бұл жоғары марапат белгілі отандық және шетелдік ғалымдарға, мемлекет және қоғам қайраткерлеріне тапсырылады. Бұл орденнің мәртебесі жоғары болуға тиіс", - деді Президент.

Жаңа орден Ясауи мұрасын зерттеуге және насихаттауға үлес қосқан тұлғаларға берілетін болады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас материалдар

Тоқаев жаңа орден тағайындады: Ясауи атындағы марапат кімге беріледі? · Todayinfo