Тоқал алатындарға жағымсыз жаңалық
Фото: aif.ru Жақында Үкімет басшысының орынбасары Ермек Көшербаев Мәжіліс депутаттарының Қазақстандағы жалған некелер мәселесіне қатысты сауалына жауап берді. Вице-премьердің айтуынша, мемлекет бұл мәселеге қарсы кешенді шаралар қабылдауда, деп хабарлайды Тodayinfo ақпаратт

Фото: aif.ru
Жақында Үкімет басшысының орынбасары Ермек Көшербаев Мәжіліс депутаттарының Қазақстандағы жалған некелер мәселесіне қатысты сауалына жауап берді. Вице-премьердің айтуынша, мемлекет бұл мәселеге қарсы кешенді шаралар қабылдауда, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Жалған некелерге қатысты қандай шаралар күшейтіледі?
✔ Имамдардың ресми тіркеусіз неке қиюына жауапкершілік күшейтіледі
✔ Мемлекеттік тіркеусіз діни неке заңды некеге теңелмейді
✔ ҚМДБ діни некені тіркеу талаптарын қатаң бақылайды
Егер имам некені мемлекеттік тіркеусіз қиған жағдайда, ол сөгіс түрінде жауапқа тартылады. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдармен бірге халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Қазақстандағы ажырасу деңгейі төмендеді
Вице-премьер Қазақстандағы ажырасу мәселесіне де тоқталды. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, елімізде ажырасу саны соңғы 5 жылда 32,7%-ға азайған:
2019 жылы – 59 796 ажырасу
2023 жылы – 40 227 ажырасу
БҰҰ мәліметтері бойынша (2024 жылғы қараша), Қазақстанда ажырасу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 2019 жылы 3,23 болса, 2023 жылы 2-ге дейін төмендеген. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан ажырасу деңгейі жоғары елдер тізіміне енбейді.
БҰҰ деректеріҮкімет басшысының орынбасарыимамжалған некенекені заңдастыруЕрмек Көшербаевнекені мемлекеттік тіркеуҚазақстанҚМДБажырасу деңгейіұлттық статистика
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Алматыдағы перзентханада көз жұмған жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Мұхтар Жәкішевтің қызы шетелдікке тұрмысқа шықты
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Алматыда Қырғызстанның экс-премьерінің ұлы қамауға алынды
Айғаным Нариманова·