Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Тозып кеткен: ҚазҰУ-нің студенттері үйі тарақан мен тышқанға толып кеткен (ВИДЕО)

Әлеуметтік желілерге Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі №17 жатақхана ішінің тозып кеткені түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Todayinfo. Кадрдан еденде өріп жүрген тышқан мен тарақандарды байқауға болады. Сондай-ақ ол видео жазбасында жатақханадағы екі адамға

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Тозып кеткен: ҚазҰУ-нің студенттері үйі тарақан мен тышқанға толып кеткен (ВИДЕО)
Әлеуметтік желілерге Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі №17 жатақхана ішінің тозып кеткені түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Todayinfo. Кадрдан еденде өріп жүрген тышқан мен тарақандарды байқауға болады. Сондай-ақ ол видео жазбасында жатақханадағы екі адамға арналған бөлмеде 3-4 студенттің тұрып жатқаны жазылған.
- Тіпті жоғары курс студенттері билігін асыра пайдаланып, өзінен кіші курс студенттеріне әлімжеттік көрсетеді. Қолынан сүйгізіп, телефондарын алып кетіп, бір-бірімен төбелестіреді. Ал университет басшылығы бұл мәселелерге мән бермей отыр, – деп жазған видео авторы.
Аталған жағдайға қатысты Stan.kz тілшісі университет басшылығына сұрау салған. Ал олар аталған уәждің бәрін жоққа шығарып отыр.
- Бүгінге дейін студенттерден ешқандай шағым түскен жоқ. Жатақханадағы әлімжеттік туралы ақпарат та жалған, – делінген хабарламада.
 
 

Ұқсас материалдар