Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Трактор жүргізушісі жүріп келе жатқан пойыздың алдынан өтем деп қаза тапты

Бүгін таңғы 08:55 шамасында Есіл – Арқалық теміржол өткелінде трактор пойызбен соқтығысты, салдарынан жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды Todayinfo «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметіге сілтеме жасап. Ресми мәліметке сәйкес, трактор жүргізушісі жұмыс істеп тұрған ө

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
Трактор жүргізушісі жүріп келе жатқан пойыздың алдынан өтем деп қаза тапты

Бүгін таңғы 08:55 шамасында Есіл – Арқалық теміржол өткелінде трактор пойызбен соқтығысты, салдарынан жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды Todayinfo «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметіге сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, трактор жүргізушісі жұмыс істеп тұрған өткел сигнализациясына қарамастан, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, келе жатқан пойыздың алдынан өткен.

Машинист пойызды дереу тоқтатуға тырысқанымен, бәрі кеш болған. Апат салдарынан трактор жүргізушісі ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.

«Қазақстан темір жолы» компаниясы автокөлік жүргізушілерін теміржол өткелдерінен өту кезінде жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, сигнализация белгілеріне мұқият болуға шақырды. Компания өкілдері қауіпсіздік талаптарын елемеу ауыр әрі қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін екенін еске салды.

Ұқсас материалдар