Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Трамп Ақ үйде мәлімдеме жасады: «Қарсыласты жойып жатқанда келісім жасалмайды»

АҚШ президенті Дональд Трамп Ұлыбританияны Иранға қарсы тұруда баяу қимылдады деп сынады. Сондай-ақ ол Тегеранмен ешқандай бітім болмайтынын мәлімдеді.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Трамп Ақ үйде мәлімдеме жасады: «Қарсыласты жойып жатқанда келісім жасалмайды»

АҚШ президенті Дональд Трамп Ұлыбританияны Иранға қарсы әскери іс-қимылдарда баяу әрекет етті деп сынап, Тегеранмен ешқандай бітімге келмейтінін қадап айтты, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Трамптың бұл сынына Лондонның Вашингтонға Ормуз бұғазындағы кемелерге шабуыл жасаған Иран нысандарына соққы беру үшін өз әскери базаларын пайдалануға кеш рұқсат беруі себеп болған.

"Шынымды айтсам, Ұлыбританияның әрекетіне таңғалдым. Олар әлдеқайда тезірек шешім қабылдауы керек еді", - деді Ақ үй басшысы.

Сонымен қатар, Дональд Трамп Ақ үйде журналистермен кездесуінде Иранмен атысты тоқтату туралы келіссөздер жүргізуден бас тартатынын ашық мәлімдеді. Ол АҚШ-тың қазіргі жағдайда айқын басымдыққа ие екенін меңзеді.

"Мен атысты тоқтатуды қаламаймын. Қарсыласты жойып жатқан кезде ондай келісім жасалмайды", - деп кесіп айтты ол.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас материалдар

Трамп Ақ үйде мәлімдеме жасады: «Қарсыласты жойып жатқанда келісім жасалмайды» · Todayinfo