Швейцарияда АҚШ өкілдерімен келіссөздер жүргізіп жатқан Иран тарапы Дональд Трамп айтқан қоқан-лоқылары үшін кешірім сұрамайынша, ресми кездесулерді жалғастыруға ниетті емес. Бұл туралы Al Mayadeen телеарнасы мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ, телеарна Тегеранның енді "Ливандағы соғыс қимылдарын тоқтатуды ғана талап етіп қоймай, сонымен бірге Израиль әскерлерін Оңтүстік Ливаннан шығару туралы да талап қойғанын" атап өтеді.

Интерфакс агенттігінің жазуынша, Швейцариядағы келіссөздерде Иран мен АҚШ ілгерілеуге қол жеткізді. Бұл туралы кездесуде делдал ретінде қатысып жатқан Пәкістан мен Қатар өкілдері мәлімдеді.

Тараптар Ливандағы қақтығыстардың алдын алуға арналған арнайы топ құруға келісті. Негізгі мақсат Израиль мен "Хезболла" қозғалысы арасындағы қарулы қақтығыстардың тоқтатылуын қамтамасыз ету делінген. Мәлімдемеде барлық мәселе бойынша техникалық келіссөздер апта соңына дейін Швейцариядағы Бюргеншток курортында жалғасатыны айтылған.

Өткен аптада Вашингтон мен Тегеран өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойғаннан кейін, АҚШ пен Иран арасындағы түпкілікті келісімге қол жеткізуге бағытталған келіссөздер 60 күнге созылып, 17 тамызға дейін жалғасады деп күтілуде.