Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Алматыда тау жолында жүк көлігінің жүргізушісі қаза тапты

Бүгін таңертең Алматының Медеу ауданында жүк көлігінің тежегіші істен шығып, жүргізуші қаза тапты.

Авторы Todayinfo редакциясы··2 мин оқу
Алматыда тау жолында жүк көлігінің жүргізушісі қаза тапты
📷 Дереккөз: orda.kz

Бүгін сағат 10:00 шамасында Алматының Медеу ауданында жол апаты болды. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Howo маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Нұрмағамбетов көшесімен төмен қарай келе жатқан.

Алдын ала болжам бойынша, тежегіш жүйесінің ақауы салдарынан көлік тау жолында басқарудан шығып, металл қоршауды, үш жеміс ағашын құлатып, қоршау артындағы аумақта аударылған. Жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

Алматы полиция департаментінің тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Тергеу апаттың барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Ұқсас материалдар

Алматыда тау жолында жүк көлігінің жүргізушісі қаза тапты · Todayinfo