Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Түркістан әкімі: Қоғамдық кеңестер «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» үшін маңызды

Түркістанда Қоғамдық кеңестердің 10 жылдығы өтті. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров кеңестердің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы үшін маңызды екенін айтты.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Түркістан әкімі: Қоғамдық кеңестер «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» үшін маңызды

Түркістан қаласындағы «Конгресс-холл» кешенінде Қазақстанда қоғамдық кеңестердің құрылғанына 10 жыл толуына орай мерекелік жиын өтті. Шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, қоғамдық кеңес мүшелері мен ардагерлерді мерейтоймен құттықтады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Облыс басшысы өз сөзінде қоғамдық кеңестердің мемлекет пен халық арасындағы диалогты дамытудағы маңызына тоқталды.

«Өткен он жыл ішінде қоғамдық кеңестер қоғамдық бақылаудың пәрменді тетігіне, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ететін маңызды алаңға айналды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруда қоғамдық кеңестердің рөлі ерекше. Жуырда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы айтқан маңызды ойлар мен идеяларды жүзеге асыру үшін алдағы уақытта да қоғамдық кеңестер әділетті қоғам құру жолында белсенді жұмысын жалғастырады деп сенемін», – деді Нұралхан Көшеров.

Салтанатты шара барысында облыс әкімі бірқатар белсенді азаматқа марапат тапсырды. Сондай-ақ жиында Түркістан облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы Байділдә Жылқышиев, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссия төрағасы Алмас Салимов және облыстың Құрметті азаматы Шәріпбек Жамалбеков құттықтау сөз сөйледі.

Қазіргі таңда Түркістан облысында 18 қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Өткен жылдың өзінде кеңестер 226 отырыс пен 107 қоғамдық тыңдау өткізіп, 270 мемлекеттік орган басшысының есебін тыңдаған. Бұдан бөлек, кеңес мүшелері өзекті мәселелер бойынша 258 қоғамдық мониторинг жүргізді.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас материалдар

Түркістан әкімі: Қоғамдық кеңестер «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» үшін маңызды · Todayinfo