Түркістан облысы бойынша өткен жылы 414 бей-берекет қоқыс орны анықталып, тазаланған. Бұл туралы тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған жиында айтылды.
Қазіргі таңда өңірде қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын 151 полигон орны белгіленген. Оның 107-сі нормаға сәйкес келмейді. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы осыған орай оңтайландыру жұмыстарын қолға алу қажеттігін атап өтті.
Облыс аумағында тұрғындар санының артуына байланысты, қатты тұрмыстық қалдықтар көлемі де артқан. Өткен жылы қоқыстарды қайта өңдеу үлесі 23%-ға жоспарланып, толық орындалса, биылғы жылғы меже 26%-ға жоспарланып отыр.
«Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-ның зерделеуі арқылы Түркістан облысы бойынша өткен жылы 414 бей-берекет қоқыс орны анықталып, тазаланған. Биыл бей-берекет қоқыс орындарын болдырмау мақсатында, тиісті жұмыстар тұрақты түрде жүргізілмек.
Жиында облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы аудандардағы тұрмыстық қалдықтарды сұрыптайтын полигондардың қазіргі ахуалын баяндады. Оның айтуынша, облыста қоқыс шығарумен 58 мекеме айналысады, 247 дана техника қызмет көрсетеді.
Жиын барысында әр ауданнан келген қоқыс шығару мекемелерінің басшылары бұл саланы оңтайландыру бойынша облыс төңірегінде ассоциация құру жөнінде ұсыныс енгізді.
Дереккөз: ҚазАқпаратТүркістан облысында 100-ден астам қоқыс полигоны нормаға сәйкес келмейді
Түркістан облысы бойынша өткен жылы 414 бей-берекет қоқыс орны анықталып, тазаланған. Бұл туралы тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған жиында айтылды. Қазіргі таңда өңірде қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын 151 полигон орны белгіл

Ұқсас материалдар

Аймақ
Жылына 800 мың тонна күкірт қышқылы: Жамбыл облысында ірі зауыт іске қосылды
Айғаным Нариманова·

Аймақ
Қызылордада жаңа өндірістік кешен іске қосылды
Айғаным Нариманова·

Аймақ
Экология и туризм: перспективы Алматинского горного кластера
Айғаным Нариманова·

Аймақ
Жамбыл облысында шағын және орта бизнес 3,1 трлн теңгенің өнімін өндірді
Айғаным Нариманова·