Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Түркістандағы жиһаз цехында ірі өрт: 110-нан астам құтқарушы жұмылдырылды

Түркістан облысы Сауран ауданында жиһаз цехында шыққан өртті сөндіруге 110-нан астам өрт сөндіруші мен 22 техника жұмылдырылды, зардап шеккендер жоқ.

Авторы Todayinfo редакциясы··1 мин оқу
Түркістандағы жиһаз цехында ірі өрт: 110-нан астам құтқарушы жұмылдырылды

Түркістан облысы Сауран ауданында орналасқан жиһаз цехында ірі өрт болды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт бүгін таңертең шығып, ғимараттың шатырын шарпыған, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жеткен. Алғашқы бөлімшелер келген кезде ғимараттың шатыры қатты жанған. Өртке жоғары деңгей беріліп, оны сөндіруге ТЖМ күштерімен қатар жергілікті атқарушы органдар мен Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері тартылды. Барлығы 110-нан астам жеке құрам мен 22 техника жұмылдырылды.

Өрт толықтай сөндірілді. Тілсіз жау шарпыған аумақ шамамен 1300 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Ұқсас материалдар

Түркістандағы жиһаз цехында ірі өрт: 110-нан астам құтқарушы жұмылдырылды · Todayinfo