Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Түркістан облысында жоғалған бала табылды

Шымкент қаласы мен Түркістан облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының полицейі Нұрхат Күзенбаев ата-анасының қарауынсыз жүрген баланы тауып, отбасына жеткізді. Polisia.kz-тің хабарлауынша, оқиға 24 мамырда Бәйдібек ауданында болған. Полицияның аға сержанты таңғы уақ

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Түркістан облысында жоғалған бала табылды
Шымкент қаласы мен Түркістан облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының полицейі Нұрхат Күзенбаев ата-анасының қарауынсыз жүрген баланы тауып, отбасына жеткізді. Polisia.kz-тің хабарлауынша, оқиға 24 мамырда Бәйдібек ауданында болған. Полицияның аға сержанты таңғы уақытта күндізгі кезекшілікке бара жатып, балабақшалардың бірінің алдында ересек адамдардың қарауынсыз жүрген баланы байқап, тез арада аудандық полиция бөліміне хабар берген. Іздестіру шараларынан соң бүлдіршіннің анасы табылды. Әйел полиция қызметкерлеріне дереу әрекет етіп, көмек көрсеткені үшін өз ризашылығын білдірді.  

Ұқсас материалдар