«Алдын ала қойылған диагноз бойынша, 3-ші және 4-ші дәрежелі күйік. Науқастың жағдайы өте ауыр, травматикалық шок. Қазіргі уақытта комбустиолог мамандардың кеңесімен ем-дом жасалып жатыр»,– деді Қазығұрт аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Дәулет Сағатұлы.
Түркістан облысындағы жарылыс: жанармай бекеті мен бірнеше нысан күлге айналды
Түркістан облысының Қазығұрт ауданына қарасты Тұрбат ауылында жанар-жағар май құю станциясында жойқын жарылыс орын алды. Бұл туралы Todayinfo КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлады. Оқиға түскі мезгілде жанармай бекетінің цистерналарына бензин құйылып жатқан кезде орын алған. К

Түркістан облысының Қазығұрт ауданына қарасты Тұрбат ауылында жанар-жағар май құю станциясында жойқын жарылыс орын алды. Бұл туралы Todayinfo КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.
Оқиға түскі мезгілде жанармай бекетінің цистерналарына бензин құйылып жатқан кезде орын алған. Күтпеген жерден тұтанған жалын нәтижесінде бекет бір сәтте отқа оранып, күлге айналды.
Жарылыс салдарынан жалын тек жанармай құю бекетін ғана емес, оның маңында орналасқан сауда үйі, дәріхана және дүкенді де шарпыған. Өрт аумағы 855 шаршы метрді құрап, тілсіз жаумен күресуге Түркістан облысы мен Шымкент қаласынан өрт сөндіру қызметінің мамандары мен арнайы техникалар тартылды. Өрт сөндіру жұмыстары төрт
Оқиға орнында 29 жастағы бензин таситын көліктің жүргізушісі ауыр жарақат алды. Дәрігерлердің айтуынша, оның денесінің 85-95 пайызы күйіп қалған. Науқас ауыр хәлде жансақтау бөліміне жатқызылып, дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·